Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында көш бастаушылардың бірі Саратовтың «Универсалын» ұтты

ОРАЛ. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» 8 қаңтар күні өз айдынында Саратовтың «Универсалымен» күш сынасты.

Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында көш бастаушылардың бірі Саратовтың «Универсалын» ұтты

Аса тартысты өткен ойында оралдықтар 4:3 есебімен жеңіске жетті. Алдымен 34-минутта оралдықтардан Павел Чебаков есеп ашса, 51-минутта Петр Грибанов 2:0-ге жеткізді. Сонымен қатар Алексей Шавалдин мергендігімен көзге түссе, 89-минутта Дмитрий Пономаренко жеңіс добын соқты. «Универсалдан» Андрей Кабанов хет-триктің авторы атанды.

Ертең қос команда екінші кездесуін өткізеді. «Универсал» - осы топта екінші орында келе жатқан команда.