Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Самараның «Динамо» командасын 5:2 есебімен ұтты

ОРАЛ. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - 12 қаңтар күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасы екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» Самара облысының «Динамосымен» кезекті кездесуін өткізді.

Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Самараның «Динамо» командасын 5:2 есебімен ұтты

Белгілі бапкер-хоккейші Александр Ионкин бастаған мамандар жаттықтыратын оралдықтар бұл ойында 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Бұл ойыннан кейін 20 ұпай жинаған «Ақжайық» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Бүгін аталған командалар қарымта кездесуін өткізеді.