20:20, 14 Ақпан 2016 | GMT +5
Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» «Знамя-Удмуртия» командасын тағы да ірі есеппен ұтты
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін допты хоккейден «Жоғары лига» бүкілресейлік жарысында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасымен екінші ойында да қарсыласын ірі есеппен (8:2) тізе бүктірді.

«Ақжайық» құрамында команданың үздік мергені Сергей Башаев екі мәрте қонақтар қақпасын дәл көздесе, Максим Өтебалиев, Еламан Әліпқалиев, Максим Пьянов, Александр Шавалдин, Павел Чебаков, Николай Болдырев бір-бір голдың авторы атанды.
Осы ойыннан кейін барлығы 29 ұпай жинаған «Ақжайық» екінші топта бесінші орынға көтерілді.
Оралдықтар келесі кездесулерін 20-21 ақпанда өз айдынында турнир кестесінде 22 ойыннан кейін 35 ұпаймен төртінші орында келе жатқан «Маяк» (Краснотурьинск) командасымен өткізеді. Бұл клубты Орал допты хоккейінің түлегі Олег Чернов жаттықтыратынын айта кетейік.