11:28, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
Допты хоккейден Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды
ОРАЛ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Швецияның Вестерос қаласында өтіп жатқан допты хоккейден әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандықтар кеше Норвегия құрамасын 7:2 есебімен ұтты. Норвегтер бесінші, Беларус құрамасы алтыншы орынға ие болды.
Қатарында Оралдың «Ақжайығының» да ойыншылары бар Қазақстан құрамасы ертең финалға шығу үшін айдын иелері Швеция хоккейшілерімен күш сынасады. Ал ресейліктер финдермен кездеседі.