Допты хоккейден Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ірі жеңіске қол жеткізді
ОРАЛ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Допты хоккейден Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кеше өзінің басты қарсыласы Норвегия командасымен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл ойында қазақстандықтар айқын басымдылық көрсетіп, 12:3 есебімен жеңіске жетті. Мұның алдында айдын иелері Ресейден ұтылған Қазақстан құрамасы бүгін мықтылардың бірі Швеция хоккейшілерімен күш сынасады. Үздік төрт команда жүлде үшін таласатын болады.
Бұған дейінгі біріншіліктерде Қазақстан құрамасы екі мәрте қола жүлдегер атанған болатын.