08:37, 25 Қаңтар 2011 | GMT +5
Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» Самарада ЦСК ВВС командасымен үш кездесу өткізді
ОРАЛ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты 1-лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» Самарада ЦСК ВВС командасымен үш кездесу өткізді.

Біріншілік барысында бұл ойынның біреуі Орал қаласында өтуі тиіс болатын. Алайда сол кезде күн жылынып, мұздың еріп кетуіне байланысты матч кейінге қалдырылған еді. Сөйтіп оралдықтар бұл ойынды сырт айдында өткізуге мәжбүр болды. Аталмыш матч 2:4 есебімен самаралықтардың пайдасына шешілді. Келесі кездесуінде «Ақжайық» 7:2 есебімен қарымта қайтарғанымен, соңғы ойында 2:5 есебімен жеңіліс тапты.
Бұл турдан кейін «Ақжайық» «Б» тобында 25 ұпаймен бұрынғысынша екінші орында келеді.
Қазан қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігі мен Алматыдағы қысқы Азия ойындарынан кейін «Ақжайық» чемпионаттағы кездесулерін қайта жалғастырады.