«Достар» мәдениет үйінде ақын арулар байқауы қорытындыланды

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Көкшетауда «Достар» мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күніне орайластырыла өткізілген ару ақындар байқауы қорытындыланып,
None
None
жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бірінші рет қолға алынған игілікті іс-шарада бақтарын сынауға 20-дан астам қыз-келіншек ынта-ықылас білдіріп, жүзден жүйрік шыққандары ақтық сайысқа жолдама алған болатын. Қазылар алқасының ұйғарымымен бірінші орын Қазақстанның білім үздігі, Халықаралық өнер бірлестігінің мүшесі Шәмшия Айтжанованың еншісіне тиді. Екінші, үшінші жүлделер бірнеше ақындар мүшәйрасының жеңімпазы, «Көкшетау» газетінің тілшісі Ұлмекен Шәменова мен тәуелсіз «Бұқпа» газетінен Риянбике Нұртілекке табысталды. Сонымен бірге үшінші мектептің 11-ші сынып оқушысы Динара Матаева, Көкшетау университетінің 1-ші курс студенті Нұргүл Оқашиевалардың шығармашылығы да өз бағасын алды.
Соңғы жаңалықтар