Достастық чемпиондарының кубогы қазандық «Рубинге» бұйырды
МӘСКЕУ. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - ТМД және Балтық елдерінің XVIII Чемпиондар кубогы қазандық «Рубинге» (қосалқы құрам) бұйырды.
Қазақстандық «Ақтөбе» командасының кеше, қаңтардың 24-інде Мәскеуде өткен кездесуі ресейліктердің жеңісімен, 5:2 есебімен аяқталды.
Қазақстандықтардың ішінде Т.Эссомба мен Э.Кенжисариев көзге түсті, олар ойынның 21-ші және 49-шы минуттарында қарсыластардың қақпаларын дәлдеді. Жағдайды қиындатқан оқиға ойынның 59-шы минутында орын алды: ресейлік арбитр «Ақтөбенің» қақпасына пенальти белгіледі және Ұлықбек Асанбаевты алаңнан аластатты.