Достастық елдерінің арасында биыл тек Әзірбайжан ғана өнеркәсіптің өсуіне қол жеткізді

САНКТ-ПЕТЕРБОР.   Шілденің  7-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ -   Ағымдағы жылдың алғашқы  бес  айының  қорытындысы  бойынша,  Достастық  елдерінің ішінде  тек  Әзірбайжанда ғана өнеркәсіп  өндірісінің  өсуі    тіркеліп  отыр - республикада өткен  жылдың    сәйкес кезеңіндегі  көрсеткіштен  1,3 пайыздық өсім  байқалады.
None
None

 Бұл туралы   ТМД Мемлекетаралық  статистикалық   комитетінің баяндамасында  мәлім етілген.

 Өнеркәсіп  өндірісінің  ең     үлкен құлдырауы   Украинада  тіркеліп, бұл көрсеткіш    31,9 пайызды  көрсетіп  отыр.  Ал Молдовада бұл   - 25,3  пайызды,   Қырғызстанда - 20,2 пайызды құрайды,  деп   хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.   2009 жылдың  қаңтар-мамыр  айларының  қорытындысына  сүйенсек,  Ресей   өнеркәсіптік  құлдыраудың    қарқыны бойынша Достастық  елдерінің  ішінде  төртінші  орын  алып  отыр -   оның көрсеткіші  15,4 пайыз.

 Тәжікстанда  өнеркәсіп  өндірісі - 13 пайызға қысқарса, Арменияда - 10,5 пайызға, Қазақстанда - 4,6 пайызға, Беларус Республикасында - 3,4   пайызға  қысқарған.

 Өткен  5 айда  Достастық елдері  бойынша  өнеркәсіп  өндірісі     былтырғы  жылдың сәйкес  кезеңімен салыстырғанда, орта есеппен   16   пайызға қысқарып  отыр.     Достастықтан  шыққалы  жатқан  Грузия, сондай-ақ  Өзбекстан мен  Түрікменстан бойынша   өнеркәсіп   өндірісінің динамикасы  туралы  мәліметтер  жоқ.

 Достастық  елдері  бойынша  өткен  бес айда  Жалпы ішкі өнім    былтырғы жылғы кезеңмен  салыстырғанда,  орта есеппен 9 пайызға  қысқарды.

Соңғы жаңалықтар