Достастық кубогы: «Ақтөбенің» қарсыластары Әзірбайжан, Финляндия және Тәжікстан чемпиондары

Жеребе бойынша біздің команда Әзірбайжанның «Бакы», Финляндияның «ХИК» және Тәжікстанның «Вахшем» клубтарымен бірге «В» тобында ойнайтын болады.
«Ақтөбе» бірінші ойынын 2010 жылғы қаңтардың 16-сында «ХИК-пен», қаңтардың 17-сінде «Вахшпен», ал қаңтардың 19-ында «Вакымен» өткізеді. Атап өтерлігі, «Ақтөбе» 2009 жылғы ТМД және Балтық елдері чемпиондары кубогы турнирінің күміс жүлдегері атанған болатын. Финалда жерлестеріміз Молдованың «Шериф» клубына есе жіберді. «Ақтөбе» мен «Шериф» арасындағы финалдық матчтың негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен тең аяқталғандықтан, жеңімпаз пенальти тебуден анықталған болатын. Онда салқынқандылық танытқан молдовалықтар 5:4 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп «Ақтөбе» өз тарихында тұңғыш рет Достастық кубогының күміс жүлдесіне ие болды. Бұл бұған дейін аталмыш турнирге қатысқан қазақстандық клубтардың ішіндегі ең жоғары нәтиже.
Ал 2010 жылғы Достастық кубогы үшін жарыста «А» тобында Беларустың «Днепр», Қырғызстанның «Дордой-Динамо», Латвияның «Металлург», Ресейдің «Рубин»; «С» тобында Украинаның «Динамо» Киев», Түрікменстанның «МТТУ», Эстонияның «Левадия», Ресейдің Клубтар құрамасы; «Д» тобында Өзбекстанның «Бунедкор», Литваның «Экранас», Молодованың «Дачия», Арменияның «Пюник» командалары өнер көрсететін болады. Айта кетейік «Достастық» кубогы үшін жарыс 2010 жылғы қаңтардың 16-сы мен 24-і аралығында Мәскеуде өтеді.