«Достық» кедені арқылы тұрмыстық техниканың ішінде тыңшылық заттарды өткізбекші болған

ТАЛДЫҚОРҒАН. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Достық стансасында қазақстан-қытай шекарасынан контрабандамен өтпекші болған «Алашаңқай-Достық» автобысының жолаушысы ұсталды.

«Достық» кедені арқылы тұрмыстық техниканың ішінде тыңшылық заттарды өткізбекші болған

Кедендік тексеру барысында одан бейнетаспасы бар автоқаламдар анықталып, алынды, Тыйым салынған заттарды тыңшы күріш пісіруге арналған тұрмыстық заттың ішіне жасырған. 

«Достық» кеденінің қызметкері Алтынай Тойшыбекованың хабарлауынша, алынған арнайы техникалық құралдар ақпаратты жасырын түрде алуда қолданылады. Оларды өткізуге тыйым салынған. 

Аталған фактілермен тексеру шаралары өткізілуде.