«Достық» кедені мемлекет бюджетін толықтыруда

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - «Достық» кедені мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 396 480 534 теңгенің міндетті төлемдері мен салығын аударып және төлетіп отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Достық» кеденінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 2008 жылы мұнда кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару, экономикалық контрабанда фактілері бойынша 13 қылмыстық іс қозғалған. Және ол істер бойынша 68 200 АҚШ доллары, 80 000 еуро және жалпы сомасы 2 228 250 теңгенің тауарлары тәркіленген. Қаралған қылмыстық істер бойынша Алакөл аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлғаларға 645 600 теңге соманың айыппұлдары салынған және мемлекет кірісіне 37 мың АҚШ доллары (4 440 000 теңге), 80 мың еуро (14 960 000 теңге) және жалпы сомасы 2 228 250 теңгенің тауарлары қайтарылған.Әкімшілік істер бойынша айыппұл түрінде 1 541 760 теңге өндірілген, сот актілерімен 12 651 343 теңге соманың тауарлары тәркіленген.
Соңғы жаңалықтар