«Достық» стансысында контрабанданы өткізудің жолы кесілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 11 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - «Достық» кеден бекетінің қызметкерлері 2010 жылғы 7 қарашада сағат 10.00 шамасында «Үрімші-Алматы» бағытындағы халықаралық жолаушылар пойызына кедендік тексеру жүргізіп жатқанда, контрабанданың заңсыз өтуінің жолын кесті.

«Достық» стансысында контрабанданы өткізудің жолы кесілді

«Достық» кеден бекетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚР азаматынан сату мақсатында заңсыз жолмен сатып алынған 70 дана жасырын түрде ақпарат алу құралдары табылды.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 143 бабы, 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғау үшін арнайы сараптама тағайындалды.