Достық үйінің этномәдени ұжымдары Өскемен трамвайларында флэш-моб өткізді

ӨСКЕМЕН. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Халықтар достығы үйінің этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қалалық трамвайларда «Достық» атты флэш-моб ұйымдастырды.

Достық үйінің этномәдени ұжымдары Өскемен трамвайларында флэш-моб өткізді

Бағдардың қозғалысымен жолаушылардың алдында әншілік ұжымдар халық арасында танымал әндерді орындады. Концерттік бригадалардың арасында «Мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің «Ақниет» ән ұжымы, «Азери» би ұжымы, «Кругозор» жастар орталығы, сондай-ақ Достық үйінің қызметкерлері болды. «Ақниет» ән ұжымы қазақ композиторларының әндері мен танымал халық шығармаларын шырқады. Орынның көп еместігіне қарамастан, әзірбайжандық ұжымның өкілдері лезгинка биін орындап, бірге билеуге шақырды. «Кругозор» орталығының жастары болса жолаушылардың қатысуымен түрлі ойындар ұйымдастырды. Достық үйінің қызметкерлері «Достық үйінің тарихы» және «ЕХСПО-2017» тақырыптары бойынша викториналар өткізді.

Білім басқармасынан атап өткендей, осындай шара қалалықтардың көңіл-күйін көтеріп, жақсы әсер қалдырады.