Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дойбыдан ел біріншілігінен батысқазақстандықтар жеңіспен оралды

ОРАЛ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Тараз қаласында дойбыдан ерлер, әйелдер және жастар арасында өткізілген ел чемпионатында батысқазақстандықтар жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді,

Дойбыдан ел біріншілігінен батысқазақстандықтар жеңіспен оралды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс құрамасының аға бапкері Данияр Жұмагелдиевтің айтуынша, айтулы додада №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі түлектері ерекше шеберлік үлгісін көрсетті. Әсіресе, әлем чемпионы Алтынай Жұмагелдиева, Альфия Қадырова, Нұрбек Ізбасар, Дмитрий Кузнецов, Іңкәр-Бегім Кереева, Кристина Литвиненко, Әлия Камалова, жеті жасар Айна Қабдірахимова алтын медальға қол жеткізіп, абырой биігінен көрінді. Сондай-ақ батысқазақстандықтар төрт күміс, үш қола жүлдені ұтып алды. Енді батысқазақстандықтар жастар арасындағы Азия біріншілігі мен әлем чемпионатына қатыспақшы.