«Дуальды білім беру жол картасы»: Ақтөбедегі ауыл шаруашылығы колледжі эксперименттік білім алуға көшті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Дуальды білім беру жол картасына» сәйкес әр өңірде базасында кәсіпорын мамандарын даярлайтын колледждер анықталды.
None
None

Эксперименттік оқытуға ақтөбелік ауыл шаруашылығы колледжі ілікті. Дуальды білім беруді дамыту бойынша жұмыс туралы ҚР ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Ақтөбе өңіріне жұмыс сапары барысында айтты.

Дуальды білім беру шеңберінде жұмыс берушілер студенттің білім беру бағдарламасын өзгерте алады, студенттер уақытының 60 пайызын кәсіпорында өткізеді.

Ауыл шаруашылығы колледжі кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпорынмен тікелей жұмыс істей бастады. Өңірдің ірі шаруашылықтарының бірі мамандар дайындауға ауқымды тапсырыс берді, осы мақсатқа 5 миллион теңге жұмсап, білім беру үшін қажетті жабдықтармен жәрдемдесті.

«Қазір Үкіметке заңнамаға бизнесменнің қызметкерлерді оқытуға жұмсайтын қаражатын салық бойынша шегеруге жатқызуға мүмкіндік беретін өзгеріс енгізуді ұсынып отырмыз.

Ақтөбе облысы өнеркәсіптік те, аграрлық секторда да қарқынды дамуда, көптеген жылыжайлар мен мал шаруашылығы кешендері бар, олар мамандар дайындау үшін оңтайлы алаңға айналмақ. Мұндай бастаманы әрдайым қолдауға әзірміз», - деп атап өтті Н. Әлтаев.

Нұржан Әлтаевтің айтуынша, мамандар - барлық өндірістің алдында тұрған түйткілді мәселе, сондықтан бүгінгі таңда заңнамаға тиісті өзгерістер енгізіп, білім беру стандарттарын өзгерту қажет.

Соңғы жаңалықтар