Дубайда әлемдегі ең биік ғимарат ресми ашылды

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашед Әл Мақтұм әлемдегі ең биік ғимаратты салтанатты жағдайда ашты,
None
None

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Дүйсенбі күні өткен салтанатты рәсімді тікелей эфирден 2 миллиардтан астам телекөрермен тамашалады. Бүкіл әлемге «Дубай мұнарасы» ретінде танылып келген нысан ресми ашылғаннан кейін Біріккен Араб Әмірлігінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның құрметіне «Бурдж Халифа» деп аталатын болды.

Биіктігі 825 метрге жететін бұл мұнара әлемдегі ең биік және ең көпқабатты құрылыс, ең биік тұрғын үй ғимараты және әлемдегі ең биік тамашалау алаңы бар нысан (мұнараның 124-ші және 160-шы қабаттарда тамашалау алаңдары орналасқан) санаттары бойынша бірінші жүлде алып отыр.

Мұнараның төменгі қабаттарында «Армани» отелі орналасатын болса, 19-шы және 108-ші қабаттардың аралығында 900 апартамент, ал одан жоғары қабаттарда корпоративтік кеңселер орналасатын болады.

Соңғы жаңалықтар