Дубайда Рамазан айына орай жазғы жеңілдіктер бағасы белгілі болды

Қасиетті Рамазан айы биылғы жылы 29 маусымда басталып, 27 шілдеге дейін жалғасады. Сәйкесінше, Ид әл-Фитр 28 шілдеден 1 тамызға дейін жалғасады. Соған байланысты «Жазғы тосын сый» дәстүрлі сауда фестивалі 1 шілдеден 2 тамызға ауыстырылып, 5 қыркүйекке дейін жалғасады.
Рамазан кезінде шаралардың көп бөлігі ислам мәдениетіне арналады. Қасиетті айдың соңғы екі аптасында жеке шағын сауда фестивалі өтеді. Оның барысында келушілер тиімді бағамен сыйлықтар ала алады.
Маусым айының ортасында халықаралық сауда орталығында балалар мен барлық отбасы үшін «Модхеш әлемі» шарасы басталады. Модхеш - жазғы Дубайдың символына айналған күн сәулелі бала. «Модхеш әлемі» бағдарламасы екі жарым айға жоспарланған.
«Жазғы тосын сый» сауда фестивалі кезінде Дубай қаласының тұрғындары мен қонақтарын тек тиімді бағалар ғана емес, көптеген ойын-сауық бағдарламалар да күтіп тұр. Ол биылғы жылы 17-рет өткізілмек.