Дубайдағы беделді бәйгеде қазақстандық сәйгүлік жеңіске жетті

12 қаңтарда Дубайдағы Мейдан ипподромында өткен беделді бәйгеде қазақстандық Кабирхан есімді тұлпар жеңіске жетті, деп хабарлайды Kazinform. 

Дубай
Фото: instagram.com/m_s_n_8823

2000 метрге жарысқа 13 жылқы қатысты. Шабандоз Пэт Доббс мінген Кабирхан мәре сызығын бірінші болып кесті. Қазақстандық сәйгүліктің жанкүйерлері жеңіске жеткен видеоны әлеуметтік желілерге жариялады.

- Қазақстандық Кабирхан жылқысы Дубайда өткен бәйгеден әлемдік турнирде алғаш рет жеңіске жетті. Бұл - сенсация, - деп жазды видео авторы.

Сәйгүлік екі апта демалыстан кейін, Al Maktoum Challenge екінші кезеңіне қатысады.

Соңғы жаңалықтар