17:42, 02 Қаңтар 2016 | GMT +5
Дубайдағы қонақ үй өртінде құтқарушыларға ханзада көмектесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл мерекесі түнінде Дубайда өртенген сәулетті қонақ үйдің 63 қабатында өрт сөндірген әскерилер мен өрт сөндірушілерге Дубай әміршісі - Мұхамед шейхтың ұлы Мансұр ханзада қолғабыс жасады, деп жазады британ басылымы Independent.

Мансұр ханзада құтқарушылармен бірге өрт сөндіру шараларына қатысып, адамдарды қауіпсіз жерге көшірумен айналысқан. Қалған ханзадалар өртенген ғимараттардың маңында болмаған. Осы отбасының басқа мүшелері достарымен мерекені атап өту үшін басқа аралға кетіп қалған.
Естеріңізге сала кетсек, Жаңа жыл қарсаңында Дубайдағы Address Downtown қонақ үйінде өрт шығып, 40 қабатын жалмаған болатын.