Дубайдан 306 отандасымыз елге жетті

АСТАНА. KAZINFORM — FlyDubai әуе компаниясы Дубайдан Алматы мен Астанаға 306 жолаушыны жеткізді. Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты.

Самолет Scat Скат ұшақ
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың мәліметінше, аталған рейстермен 28 ақпанда және 1-2 наурызда ұшаққа билеті болғанымен елге ұшып келе алмаған отандастарымыз жеткізілген. 

— Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін жауып, өзге әуе компанияларымен шығармайды. Ал өзінің компаниясына жолаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан кешегі рейстер орындалды, — деді министр орынбасары Үкімет отырысынан кейін.

т
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Ал көлік вице-министрі Талғат Ластаев аталған рейстермен 306 отандасымыздың елге оралғанын, қажеттілік туындағанда Air Astana мен Scat компанияларының 6 әуе кемесі аталған елден отандастырымызды алып келуге дайын екенін айтты.

— Қажетті резерв — 6 әуе кемесіне дейін бөлуге және әуе кеңістігінің ашылуына қарай жолаушылардың бәрін шығаруға дайынбыз. Бұл Оман, Жидда, Мединадағы жолаушылардың деректеріне байланысты. Жолаушылардың келуіне орай әуе кемелерінің санын реттейміз, — деді Талғат Ластаев.

Бұған дейін Қазақстан азаматтары Иран аумағынан жер жолдар арқылы шығарылатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум