Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дүкен тонаған қылмыскерді дер кезінде ұстаған полицейлер марапатталды

ОРАЛ. KAZINFORM – Оралда қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстаған полицейлер марапатталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

ы
Фото: ІІМ

Батыс Қазақстан облысы ПД бастығы Арман Оразалиев қарулы қылмыскерді ұстау кезінде батылдық пен кәсібилік танытқан полиция капитаны Еркебұлан Жұмақашев пен полиция старшинасы Берік Лукпановты «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен марапаттады.

Еске сала кетсек, 31 шілде күні Орал қаласындағы дүкендердің бірінде бетперде киген ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны алып кеткен.

Жедел-іздестіру барысында күдікті қысқа уақыт ішінде ұсталып, қылмыс ашылды.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Айта кетейік, полицейлер шетелдіктердің Қазақстанда заңды жүргенін тексеруге міндеттелді.