Дүлей жел салдарынан солтүстікқазақстандықтар жарықсыз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаһарына мінген дауыл солтүстікқазақстандықтарды да әбігерге түсірді, деп хабарлады 24kz.
None
None

Ұйытқып соққан жел жолдағысын жайпап, шатырлар мен ағаштарды әп-сәтте жұлып әкеткен. Тіпті облыс орталығындағы аялдамааударылып қалған. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ. Ауа райы түнде бұзылып, жол қозғалысына шектеу қойылған. Таң ата күшейген жел электр желілерін үзіп, қала тұрғындары жарықсыз қалды. Мамандардың айтуынша, желдің екпіні секундына 40 метрге дейін соққан. Дүлей дауылдың зардабы жылыжайларға да тиді, деп хабарлады телеарна.

Соңғы жаңалықтар