Дүниежүзі қазақтарының ІҮ Құрылтайы келесі жылы өтетін болды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Дүниежүзі қазақтарының ІҮ Құрылтайының өткізілу мерзімі белгілі себептерге байланысты өзгерістерге түсті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордамыз Астана қаласында биылғы жылы дүниежүзі елдерінің мемлекет басшылары, министрлік өкілдерінің қатысуымен түрлі халықаралық шаралар өтеді деп жоспарлануда. Біздің ел ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде осы шараны ұйымдастыруды өз міндетіне алып отыр.

2010 жылдың 1-2-ші желтоқсанында Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет Орталық Азия елдері басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ-ның саммиті өтеді. Бұл мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де биылғы жылғы басты оқиға болатыны сөзсіз. Осы жағдайларды ескере отырып, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы аталмыш Құрылтайды келесі жылы, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластыруды ұйғарған.

1992 жылы Алматы қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайында еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев шетелдегі қазақ диаспорасымен тығыз байланыс орнату, көші-қон саясатының негізінде оларды тарихи отанына шақыру осы Тәуелсіздігіміздің арқасында жүзеге асуда деген болатын. Сондықтан да Дүниежүзі қазақтарының ІҮ Құрылтайы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толу мерейтойына арналып, 2011 жылы ұйымдастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар