Дүниежүзілік банк Гаитиге 100 миллион доллар шұғыл экономикалық көмек бөледі

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банк әзірге нақтыланбаған мәліметтер бойынша 100 мыңнан астам адамның өмірін қиған зілзаланың салдарымен күресу үшін Гаитиге 100 миллион доллар шұғыл экономикалық көмек бөледі.
None
None

Бұл туралы банк мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

«Халықаралық қауымдастық бүгінгідей қиын кезеңде Гаитиге көмек көрсетуге әзір. Үлкен апат орын алды. Дүниежүзілік банк қомақты қаржы жинастырады және елдегі шығынды анықтау және қалпына келтіруге қажетті соманы нақтылау үшін елге мамандар командасын жібереді», делінген банк хабарламасында.

Дүниежүзілік банк көмекті тез ұйымдастыруға және бұл мәселе бойынша жұмыстарды оңтайлы жүргізуге уәде беріп отыр.

7 балдық жер сілкінісі Гаитиде сейсенбі күні болғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Көптеген ғимараттар, оның ішінде президент сарайы мен БҰҰ бітімгершілік миссиясының штаб-пәтерінің ғимараты зардап шегіп отыр. Адам құрбандықтары көп екені айтылуда.

Соңғы жаңалықтар