Дүниежүзілік банк маңғыстаулық жастарға әлеуметтік жоба үшін 1 млн теңгеден бөлмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банк маңғыстаулық жастарға әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру үшін 1 млн теңгеге дейін қаражат бөлетін болады. Маңғыстау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бұл жайында Жастар саясаты басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.
None
None

«Дүниежүзілік банк әлеуметтік жобаны іске асыруды көздеген жастарға 1 млн теңгеге дейін қаржы бөлмек. Олар өндірген өнім сатылымға емес, балалар үйіне, аз қамтылған отбасыларға беріледі», - делінген таратылған ақпаратта.

Сонымен қатар өңірде жастардың сапалы білім алуы үшін облыс әкімінің арнайы гранты бөлінеді. «Серпін» бағдарламасы бойынша 600-700-ге жуық жасты оқуға тарту жоспарланып отыр. Мұнан бөлек барлық мектепте кәсіптік бағдарлау кабинеттері ашылатын болады. «Жасыл ел» бағдарламасымен жаз айларында жұмыспен қамтылатын жастар саны 1500-ге жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар