Дүниежүзілік банк Тәжікстанға 20 миллион доллар грант береді

НЬЮ-ЙОРК. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Дүниежүзілік банк Тәжікстанға даму саласындағы реформаларды қолдауға және жаһандық экономикалық дағдарыстың салдарын жұмсартуға 20 миллион АҚШ доллары көлемінде грант береді,

Дүниежүзілік банк Тәжікстанға  20 миллион доллар   грант   береді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл - Дүниежүзілік банктің жеке сектордағы, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қызметтерді дамытудағы реформаларды ынталандыруға арналған үшінші бағдарламалық гранты. Бұған дейінгі гранттар 10 және 12 миллион долларды құраған болатын.