Дүниежүзілік банк Зика безгегімен күресуге $150 млн бөлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банк Зика безгегімен күреске 150 миллион доллар бөлді, делінген банктің бейсенбі күнгі таратқан баспасөз хабарламасында. Бұл туралы ресейлік «РИА Новости» агенттігі хабарлайды.

Дүниежүзілік банк Зика безгегімен күресуге $150 млн бөлді

«Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі Зика безгегінен зардап шеккен елдерге қолдау көрсету үшін Дүниежүзілік банк тобы жедел қаржыландыруға 150 миллион доллар бөлгендігін жария етті», - делінген хабарламада.

«Қаржыны тарату елдерді қазіргі қаржыланду қажеттілігі мен өңірдегі мемлекеттер үкіметтерімен келіссөз нәтижесінде жүргізіледі. Қажеттілік туындаған жағдайда Дүниежүзілік банк тобы қосымша қаржы бөлуге дайын», - деп көрсетілген ақпаратта.

Зика безгегі - маймылдарда тараған жұқпалы ауру, адамдарға масалар жұқтырады. Вирус жүкті әйелдерге қауіп төндіреді, өйткені ол жатырдағы нәрестенің миына зақым келтіреді.