Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің жобасы талқыланбақ

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің жобасын наурыз айының аяғында немесе сәуірдің басында талқыламақ.

Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің жобасы талқыланбақ
Бұл туралы бүгін Астанада Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Мото Кониши мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мен директорлар кеңесінде Қазақстанның «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізі жобасы туралы баяндайтын боламын. Бұны біз өте ауқымды жоба ретінде қарастырып отырмыз», деді ол. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» Еуропа мен Орталық Азия арасындағы ең қысқа байланысты қамтамасыз ететін көлік дәлізі. Оның жалпы ұзындығы - 8445 шақырым. 2787 шақырымы Қазақстан аумағында жатыр.