Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ЖҚТБ-мен ауыратын адамдар үшін ұсынысын қайта қарады
АСТАНА. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ЖҚТБ-мен ауыратын адамдардың вирусқа қарсы қолданылатын құралдарды қазіргі жағдайға қарағанда бір немесе екі жыл бұрын қабылдауды ұсынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си сайтына сілтеме жасап.
Жаңа зерттеулердің деректері бойынша бұл қадам қымбатқа түскенімен аурулардың өмірлерін айтарлықтай ұзартады.
Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ЖҚТБ-ға шалдыққан жүкті әйелдер мен аналарға вирусқа қарсы құралдарды қолдануға кеңес береді.