16:17, 04 Шілде 2010 | GMT +5
                                        «Дүниежүзілік үйлесімділік жүгірісі» атты эстафета алауы Алматыға келеді
                                            АЛМАТЫ. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Бүгін Алматыға «Дүниежүзілік үйлесімділік жүгірісі» атты эстафетаның алауы келеді. Жүйріктер қала ішіндегі Алматы-Бішкек трассасы, Райымбек даңғылы - Саин көшесі, Абай даңғылы - Наурызбай батыр көшесі - Сәтбаев көшесі - Республика алаңы бойынша жүгіріп өтеді.
                                        
                                        
                                     
                                              Аталмыш эстафета - «Дүниежүзілік үйлесімділік жүгірісі» (World Harmony Run) ұзақ шақырымдағы алаулы эстафетаның азиялық бөлігінің бір кезеңі болып табылады.
Эстафета қыркүйектің 27-сі күні Мәскеуде өз мәресіне жетеді, ол жерге Дублинда ақпанның 26-сы күні басталған еуропалық эстафетаның қатысушылары да келеді. Эстафетаның азиялық бөлігі 23 мың шақырымды құрайды.