Дүниежүзілік банк климаттық жобаларды қаржыландыруға қатысты 45% талабынан бас тартты

АСТАНА. KAZINFORM – Дүниежүзілік банк тобы климаттың өзгеруімен күреске бағытталған жобаларға қаржы бөлудің 45 пайыздық межесінен бас тартты. Бұл туралы ұйымның жаңартылған Климаттың өзгеруі жөніндегі іс-қимыл жоспарында айтылған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Климатическая стратегия ЦА должна перейти от слов к практике — глава представительства GIZ
Фото: t.me/res_2026

Құжатта Дүниежүзілік банктің климат саласындағы жұмысы бұдан былай да мүше елдердің сұранысы мен қажеттілігіне негізделетіні атап өтілген. Ұйым мемлекеттерге ұлттық жоспарларында белгіленген мақсаттарды іске асыруға қолдау көрсетуді жалғастырады.

-Біз климатқа қатысты қосымша тиімділікке (climate co-benefits) арналған 45 пайыздық мақсатты, сондай-ақ Климаттың өзгеруі жөніндегі іс-қимыл жоспарында көзделген 35 пайыздық межені алып тастаймыз. Біз осы уақытқа дейін серіктес елдердің сұранысы мен қажеттіліктерін қанағаттандыру бағытында ауқымды жұмыс атқардық. Алдағы нәтижелер әр мемлекеттің өз мақсат-міндетіне байланысты болады және халықаралық міндеттемелерге сәйкес Банктің сараптамалық қолдауымен жүзеге асырылады», – делінген хабарламада.

Ұйым климат саласындағы екі негізгі көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізуді және мәліметтерді жариялауды жалғастыратынын мәлімдеді. Олар – парниктік газдардың таза шығарындыларының көлемі және климаттық тәуекелдерге төтеп беру мүмкіндігі артқан адамдар саны.

Осыған дейін теңіздің жылынуы жаңа климаттық қауіптерді күшейтіп отырғаны туралы жаздық.