16:50, 09 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақ күрес шеберлері екі алтын медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM- 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ел қоржынына екі алтын медаль түсті.

Алғашқы алтынды әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Айжан Жылқыбаева жеңіп алды. Ол финалда қырғызстандық қарсыласы Л.Асакеевадан айласын асырды.
Ал ерлер арасында 55 келі салмақта Бекжан Төлепов финалда тағы бір қырғызстандық балуанды қапы қалдырып, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бүгін жарыс жолына шыққан қазақстандық 8 балуанның барлығы финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғызстандық көкпаршылар Моңғолия құрама командасын 16:0 есебімен ойсырата ұтты.