Душанбе көшелерін электроскутерлер патрульдейді
АСТАНА. KAZINFORM — Тәжікстанда ел астанасының полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау үшін патрульдік электр скутерлерін алды, деп хабарлайды Kazinform-ның Душанбедегі меншікті тілшісі.
— Бұл скутерлер арнайы сигнал және дыбыс беру құрылғыларымен жабдықталған, сондай-ақ аккумулятордың бір зарядымен 100 шақырымға дейін жүре алады, — деп хабарлады ІІМ Душанбе қаласы басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомствода заманауи қозғалыс құралдарын пайдалану ел астанасының негізгі аудандарында құқық қорғау органдарының қатысуын күшейтуге және қылмысқа жедел ден қоюды қамтамасыз етуге бағытталғанын қосып өтті.
Осыған дейін Ресейде самокат мәселесі мемлекет басшысы деңгейіне көтерілгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ елімізде электрлі самокаттар көлік құралы ретінде реттелетінін хабарладық.