Душанбеде көмір түтінінен уланған бір отбасының 6 мүшесі қайтыс болды

АСТАНА. KAZINFORM – Душанбеде ыстан уланған алты адамнан тұратын отбасы қайтыс болды. Бұл туралы TАСС ақпарат агенттігі жазды. 

ыстан уланған
Фото: Depositphotos

«Бір отбасының алты мүшесі иіс тиіп қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 28 ақпанға қараған түні Душанбенің солтүстігіндегі Фирдоуси ауданында болған. Жайсыз хабар туралы жедел жәрдем қызметіне көршілері хабарлаған. 

Asia-Plus порталының хабарлауынша, үйден 6 мен 11 жас аралығындағы төрт бала мен олардың ата-анасының мүрдесі табылған. 

Соңғы жаңалықтар