Дүйсенбі күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 29 қыркүйек күні еліміздің барлық қалаларында метеорологиялық жағдай жайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін ешбір қалада қолайсыз метеорологиялық ахуал күтілмейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның жерге жақын орналасқан қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.