Дүйсенбі күні республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 желтоқсан күні Қазақстанның көптеген бөліктерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, соған байланысты жауын-шашын, көбінесе қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Дүйсенбі күні республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейіп, бұрқасын болады. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейіп, бұрқасын болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз көптеген бөлігінде екпіні 17-22 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі.