Дю солей циркінің Лара Фабианға қарағанда екі есе мол қаражат алу сыры белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Дю солей циркіне Лара Фабианға қарағанда неліктен екі есе жоғары қаржы төленетіндігін түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Біздің ұлттық компаниямыз шамамен 3 мыңға жуық мәдени шара өткізсе, соның шамамен 2,5 мыңы ЭКСПО аумағында ұйымдастырылады. Оған бүкіл әлемге танымал эстрадалық-классикалық джаз орындаушыларының концерті, қазіргі заманғы балет биінің шоуы,  отандық және шетелдік диджейлердің қойылымдары, халықаралық спорт біріншіліктері, форумдар, конгрестер, кино көрсетілімдері, әдеби оқулар, танымдық экскурсиялар кіреді. Жоғарыда аталған шаралардың бәрі тегін болады. Яғни, көрмеге билеті барлар  бұл қойылымдардың барлығын тегін тамашалай алады», -  деді Есімов.

Оның айтуынша, Дю солей  циркі ғана ақылы болады.

«Үкіметте оның билеті сомасының үлкендігі, Лара Фабианнан сомасы екі есе қымбаттығы жайында сөз болғанын білемін. Бұл ретте Лара Фабианның бір концерт  беретіндігін, ал Дю солей циркі 93 күннің ішінде 73 қойылым  көрсететіндігін ескерген жөн.  Мұған қоса, аталған қойылымның билеті 4 мыңнан 6 мың теңгеге дейін болады. Яғни, цирк өзін-өзі толықтай ақтайды», деді ол.

Соңғы жаңалықтар