Дюссельдорфта дзюдодан Гран-при турнирінің жеребесі тартылды

Гран-при турнирі 24-26 ақпан күндері Дюссельдорфта өтеді. 50 елден жалпы 346 дзюдошы қатысатын бұл турнирге Қазақстан Ұлттық құрамасынан 17 спортшы шығады.
Жеребе бойынша 60 келіде «А» тобына түскен Елдос Сметов жарысқа екінші айналымда қосылады. Пелим Филип (Бразилия) пен Клим Дукас (Германия) жұбының жеңімпазы Сметовтың алғашқы қарсыласы болмақ. Дәл осы салмақта «D» тобындағы Бауыржан Жауынтаевтың қарсыласы испаниялық дзюдошы Джер жос Франциско.
66 келіде Ғұмар Қырғызбаев алғашқы айналымда Миранда Аугустамен (Пуартэ Рико) белдессе, Азамат Мұқанов Хан-Могамедов Камалмен (Ресей) кездеседі.
Бұл жарыста 73 келіде бағын сынайтын отандасымыз Жансай Смағұлов «А» тобында Серси Марсельмен татамиге шығады.
81 келіде ел намысын қорғайтын Қажымұқан Өтеулиев «А» тобында екінші айналымда жарысқа қосылып, моңғол дзюдошысы Баянмунх Гаажадамбамен, «D» тобына түскен екінші дзюдошымыз Азиз Қалқаманұлы АҚШ спортшысы Хаттон Джэкпен белдеседі.
90 келіде Дәулетхан Жақыпов алғашқы айналымда серб спортшысы Маждов Неманямен, 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Айбек Серікбаев Бен Халед Аниспен (Тунис) «А» тобында күреседі.
Ал 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Еламан Ерғалиев германиялық Бойзжемн Бенжаминмен белдессе, Ержан Шынкеев бразилиялық Искуердо Руанмен кездеседі.
Қыздардан Айкүнім Түйтекова 52 келі салмақта жарысқа екінші айналымда қосылады. 63 келіде Ордабаева Мариан Эриксон Идамен, 70 келіде Жанар Қашқын Бернхолм Аннамен, Дильбар Өміралиева Буткерейт Мираммен белдеседі.
-78 келіде Альбина Амангелдиева турнирге екінші айналымда Фабер Кристинамен шығады. +78 келіде Гүлжан Исанова Буессоу Кристинмен күреседі.
Іріктеу кезеңін сағат 15:00-де ippon.tv порталынан, финалдық кездесулерді сағат 22:00-де Kazsport арнасынан тікелей эфирден көре аласыздар.