Джакометти «Адымдаушы адамды» аукционға шығармақшы
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Sotheby's аукцион үйі Альберто Джакометтидің «Адымдаушы адам І» (L'Homme qui marche I) мүсінін сатуға қоймақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters сайтына сілтеме жасап. Жұмыс 1961 жылы орындалған, Commerzbank AG неміс компаниясы саудаға шығарған.
Sotheby's мамандары мүсінді 19-29 миллион долларға бағалады. Осылайша, «Адымдаушы адам» 27,4 миллион долларды құрайтын - 2008 жылы оның «Үлкен түрегеп тұрған әйел ІІ» мүсіні осыншама сомаға сатылған Джакометти жұмыстары құнының рекордын жаңартуы мүмкін.
Джакометти шығармашылығында адымдаушы адам бейнесі алғаш 1947 жылы пайда болды, алайда «Адымдаушы адам І» итальяндық суретшінің ең ірі мүсіндерінің бірі болып табылады - оның биіктігі 183 сантиметрді құрайды. Агенттіктің атап айтқанындай, мұндай мөлшердегі Джакометти жұмысы аукционға алғаш рет шығарылмақшы.