«Джелават» дауылынан бір адам құрбан болды

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Жапонияға соққы берген «Джелават» тропикалық дауылдан бір адам қаза тауып, 170-ке жуығы түрлі дене жарақатын алды. Бұл турал Baq.kz хабарлайды.
None
None

Елдің Окинава аумағынан бастап соққан тайфун Токионы да басып өтті. Сұрапыл желдің жылдамдығы сағатына 219 шақырымға жеткен. Нәтижесінде, теміржолдар уақытша жабылып, әуежайлардың жұмыс кестесі де өзгерді. Ел аумағы бойынша 600-дей рейс кейінге шегеріліпті. Ал Мие префектурасында ауа райының қолайсыздығынан 2 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.


Метеорологтар «енді жауынның кесірінен лай көшкіні жүруі мүмкін», - деп ескерту жасап отыр.

Соңғы жаңалықтар