Джиу-джитсудан Қазақстан командасы әлем чемпионатында 21 медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM – Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан жасөспірімдер, жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бір аптаға созылған биылғы бәсекеге бірнеше дисциплинада (Fighting, Duo, Show, Jiu-Jitsu No-Gi) 37 мемлекеттен 1200-ден астам спортшы қатысты. Қазақстаннан жарысқа еліміздің барлық өңірінен 194 спортшы барып, сынға түсті.
Нәтижесінде Қазақстан ересектер командасы 3 алтын, 3 күміс және 15 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 4-орынға тұрақтады. Назарыңызға біздің жүлдегерлерді ұсынамыз:
Чемпиондар:
Болатбек Сейілхан (неваза, -77 кг)
Мерей Қабдуллаев (неваза, -85 кг)
Жәнібек Әбу-Бәкір (файтинг, 69 кг)
Күміс:
Ажар Салықова (неваза, -70 кг)
Данагүл Талғатқызы (неваза, +70 кг)
Айгерім Тореғожина (файтинг, 48 кг)
Қола:
Жібек Құлымбетова (неваза, -48 кг)
Мариан Журавлёва (неваза, -70 кг)
Абдулла Батырбек (неваза, 62 кг)
Адлан Мадаев (неваза, 77 кг)
Анна Стрельцова (неваза, 57 кг)
Бекзат Қазтаев (неваза, 56 кг)
Әли Батырбек (неваза, 56 кг)
Мақсат Төленді (неваза, 94 кг)
Ыдырыс Алиев (неваза, 85 кг)
Жұлдыз Бауыржанқызы (файтинг 45 кг)
Самат Сарсенұлы (файтинг, 62 кг)
Асылан Қанатбек (файтинг, -62 кг)
Бекзат Баймұратов (файтинг, -77 кг)
Шерхан Жақсылық (файтинг, -85 кг)
Қуандық Есенеев (файтинг, -94 кг)
Жалпыкомандалық есеп мынадай:
1. Ресей - 10 алтын, 7 күміс, 17 қола
2. БАӘ - 6 алтын, 6 күміс, 2 қола
3. Италия - 5 алтын, 4 күміс, 4 қола
4. Қазақстан - 3 алтын, 3 күміс, 15 қола.
Осыған дейін қазақстандық ауыр атлеттердің Азия чемпионатында 59 медаль жеңіп алғанын жаздық.