Джо Байден Миссуридегі Демократиялық праймеризде жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM —Штаттың Демократиялық партиясының кеңсесі бұл туралы сенбі күні сайлау учаскелері жабылғаннан кейін бірнеше күн өткен соң хабарлады. АҚШ президенті Джо Байденнің жеңісі күмән тудырған жоқ, бірақ сарапшылар әлі де сайлаушылардың праймеризге қатысуы мен наразылық дауыс беру белгілерін жіті бақылап отыр, деп хабарлады Америка дауысы.

Миссуридегі сенбі күнгі сайлау 2022 жылдың тамызында жаңа заң күшіне енгеннен бергі партияның бірінші президенттік сайлауы болды.
Партия дауыс беруге 20 мыңға жуық сайлаушы қатысқанын хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тағы сайлау 2024 жылдың 5 қарашасына белгіленген. Джо Байден мен Дональд Трамп Джорджия, Миссисипи және Вашингтон штаттарындағы ішкі партиялық сайлау нәтижелері бойынша АҚШ президенттік сайлауына үміткер атанды. Трамп — АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан жалғыз үміткер.