09:22, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Джордж Буш бейсенбі күні қоштасу сөзін сөйлейді
ВАШИНГТОН. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Қаңтардың 20-сы күні қызметінен кететін АҚШ президенті Джордж Буш бейсенбі, қаңтардың 15-інде халыққа қоштасу үндеуін жариялайды.
Бұл туралы Ақ үйдің ресми өкілі Дана Перино ханым хабарлап отыр. Оның атап көрсетуінше, Буш жаңадан сайланған Барак Обаманың қызметіне табыстар тілемекші. Буштың халыққа жолдауы көрсетілімінің нақты мерзімі әзірге белгісіз. Дегенмен, Перино ханымның айтуынша, мәлімдеме «прайм-тайм» уақытында жасалатыны анық, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Эхо Москвы» радиостансасына сілтеме жасап.