Джорджа Мелони: Орта дәліз — көп үміт күттіретін бағыт

АСТАНА. KAZINFORM — Италия Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Астана халықаралық форумының екінші күнінде пленарлық сессияға қатысып, Орталық Азия мен Италияның қарым-қатынасы туралы ой қозғады. 

Джорджа Мелони: Орта дәліз — көп үміт күттіретін бағыт
Фото: Ақорда

— Экологиялық сын-қатерлер де ойымда. Өйткені біз қазір Аралды құтқару мәселесіне, Арал мұрасына деген күш-жігерімізді жаңартып жатырмыз. Бұл біздің парызымыз және оны қорғау біздің міндетіміз. Италияның Климаттық қоры — осындай жобаларды жүзеге асыруға пайдалануға болатын маңызды құрал, — деді ол.

Мәртебелі мейман Орталық Азия мен Италия арасындағы өзара ықпалдастық цифрлық инфрақұрылым мен тасымал инфрақұрылымына бағытталғанын атап өтті.

— Осыған байланысты Орта дәліз ең келешегі зор және ең тартымды бағыт болып есептеледі. Бұл жобаның жариялануы Еуропалық Одақ пен Самарқандта бастама ретінде көтерілген стратегиялық ынтымақтастықтың орталығында болып, жеткізу тізбегі мен тұрақтылыққа елеулі үлес қосады деп сенеміз, — деді Италия Министрлер кеңесінің төрағасы.

Айта кетейік, кеше кешке Италия премьері Қазақстанға ресми сапармен келді

Сондай-ақ, мәртебелі мейманның қатысуымен «Орталық Азия — Италия» саммиті өтеді

Еске салсақ, елордада кешеден бері Астана халықаралық форумы өтіп жатыр

Форумға 7 000-нан астам қатысушы тіркелген. Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс пен Африка елінен БҰҰ, ААҰ, ХКҰ және ДЗМҰ сияқты жетекші халықаралық ұйымдардың атынан 160-тан астам спикер шақырылған. Екі күн бойы олар түрлі саланың сарапшыларымен бірлесіп, мемлекетаралық ынтымақтастық моделін, жаңа жаһандық әріптестік құрудың келешегін талқылайды. 

Соңғы жаңалықтар