Джорджияда белгісіз біреулер Барак Обаманың тұлыбын іліп қойды

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Американың Джорджия штатындағы Плэйнз қаласының бас көшесіне белгісіз біреулер АҚШ Президенті Барак Обаманың тұлыбын іліп қойды.
None
None

Плэйнз полициясының хабарлауынша, тұлып қала ғимараттарының бірінің алдында ілініп қойылған жерінен табылып отыр. Үлкен қуыршақ «Джорджия штаты, Плэйнз қаласы біздің 39-шы президентіміз Джимми Картердің туған жері» деген үлкен жазудың қасына ілініп қойылған, деп хабарлайды Associated Press. Көргендердің айтуынша, қуыршаққа мемлекеттің қазіргі басшысы Барак Обаманың есімі жазылған. Оқиға бойынша тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар