Дзюдо: Португалиядағы Гран-при турнирінде ел намысын кімдер қорғайды

Португалияда 26-28 қаңтар күндері дзюдодан өтетін әлемдік Гран-при турнирінде ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform. 

 Дзюдо: Португалиядағы Гран-при турнирінде ел намысын кімдер қорғайды
Фото: БҚО ден шынықтыру және спорт басқармасынан

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, аталған дода татами шеберлері үшін осы жылдың басындағы ресми ірі жарыс болмақ.

Португалияда өтетін бәсекеге бас бапкер Нұрбол Сүлейменов мына балуандарды алып бармақ.

Олар:

60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Дәурен Сүйкенов

73 келі: Жансай Смағұлов, Дәурен Сүйкенов

81 келі: Мәди Амангелді

90 келі: Айдар Арапов, Мұхаммедәли Мавлидов

100 келі: Ислам Бозбаев

+100 келі: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев.

Соңғы жаңалықтар