20:28, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Дзюдодан әлем чемпионы Максим Раков Қарағандыда сыйлыққа жаңа пәтер алды
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Дүйсенбі күні Қарағанды облысының әкімдігінде спортшы, отандық дзюдо тарихындағы әлемнің бірінші чемпионы Максим Раковке құрмет көрсету рәсімі болды.
Естеріңізге сала кетейік, қарағандылық дзюдо мектебінің тәрбиеленушісі 23 жастағы М.Раков Роттердамда өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.
Спортшыны облыс басшылығының атынан аймақ әкімінің орынбасары Рысқали Әбдікеров құттықтады. Әлем чемпионына Қарағандыдан жаңа екі бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді.
Оның айтуынша, чемпион әлемнің 16 үздік дзюдошысы қатысатын Кореяда өтетін жарысқа қатысуды жоспарлап отыр. Ол сондай-ақ Олимпиада ойындарына қызу дайындалмақ.
Облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебінің аға жаттықтырушысы Сергей Раков пен жаттықтырушы-оқытушы Талғат Байшолақов та бағалы сыйлықтармен марапатталды.