Дзюдодан «Grand Prix Portugal-2024» жарысына Қазақстаннан кімдер барады
АЛМАТЫ. KAZINFORM - 26 - 28 қаңтар күндері Португалияның Одивелаш қаласында дзюдодан «Grand Prix Portugal-2024» халықаралық турнирі өтеді.
Халықаралық дзюдо федерациясының мәліметінше, жарысқа 92 елден 632 спортшы (350 ер, 282 әйел) қатысады деп күтіліп отыр. Қазақстаннан аталмыш додаға 11 спортшы барады. Қазақстан дзюдо федерациясы спортшылардың тізімін жариялады.
Ерлер арасында:
60 келі: Ержан Еренғайыпов, Дәурен Суюкенов
66 келі: Жанарыс Рахметқали, Нұрсұлтан Зайзағалиев
73 келі: Жансай Смағұлов, Дархан Қойбағар
81 келі: Айбол Нысанәлі, Мәди Амангелді
90 келі: Айдар Арапов, Құдірет Досымов
100 келі: Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев
Әйелдер арасында:
48 келі: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева
57 келі: Бақыт Құссақбаева
63 келі: Эсмигүл Куюлова
78 келі: Аруна Жангельдина
+78 келі: Камила Берліқаш.