Дзюдошы Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында үздік атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы Дубровник қаласында (Хорватия) өткен Еуропа кубогының кезеңінде үш медаль жеңіп алды.

Дзюдошы Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында жеңіс тұғырына көтерілді
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, команда қоржынында бір алтын, бір күміс және бір қола жүлде бар.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Данияр Шамшаев жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

60 келіге дейінгі салмақта Дамир Болатбеков турнирдің күміс жүлдесін иеленді. Ал 78 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Толқын Тұрсынақынова қола медаль алды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін күштік құрылымдар біріншілігінде 200-ден аса балуан чемпиондық атаққа таласады